Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Салтанат Нүкенованың ағасы бірінші сот отырысынан кейін күтпеген мәлімдеме жасады

    Фото: vk.com

    Марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы ойын ашып айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ол қарындасының өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдаудан кейін сот процесін айтып, Instagram желісінде видео жариялады, деп жазады el.kz.

    «Салтанат «неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім — бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», — дейді Айтбек Амангелді.

    Еске салайық, мемлекеттік айыптаушы 2023 жылдың сәуірінде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында ұрып-соққаннан бет-әлпеті көгерген суреті бар екенін біліп, егер ажырасатын болса, оны осы суреттермен бопсалауы мүмкін деп болжап, Нүкеновадан жалаңаш кейпін көрсететін интим видео түсіруін талап еткенін айтқан еді. Ол бұл оның кепілі болатынын айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →