Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде қашан ресми түрде қосылады

    Фото: Pixabay

    11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы Анадолы жазды. 

    Швед баспасөзінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.

    НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі. Осылайша, Швеция альянстың 32-ші мүшесі болады.

    Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданды.

    Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →