Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ҰҚК арнайы операциясы: аса ауыр қылмысқа қатысы бар 23 адам ұсталды

    Фото: ҰҚК

    Ұлттық қаупсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

    Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді.

    Олар құқыққа қарсы әрекетін бірқатар жағдайда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. Тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды.

    Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бір мезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →