Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды •

    Алексей Навальный қайтыс болды

    Фото: vesti.az

    Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі.

    Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмаған. Ресейлік қоғам қайраткері Алексей Навальный Харп ауылындағы түзеу колониясында қайтыс болды.

    Ресейдің УФСИН Ямало-Ненецкий автономдық аймағының мәлімдемесіне сәйкес, сотталған Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

    «16.02.2024 жылы №3 түзеу колониясында сотталған Навальный Алексей серуендегеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінді», — дейді ведомство өкілдері.

    Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.

    «Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты. Өлімнің себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →