Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    Қазақстан пандемияға дайындықты бастады

    Фото: Pixabay

    Елімізде пандемия қорының жобасы іске қосылды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бүкіләлемдік банк қолдауымен Қазақстандағы Пандемиялық қор жобасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға қатысқан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оның маңыздылығын айтты.

    «Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы жоғары. Әр ел пандемияны өзінше жеңіп шықты. Дұрыс дайындықтың жоқтығынан біз де біршама азаматтарымыздан айырылдық. Сондықтан бүгінгі жоба барлық ел үшін маңызды болмақ.  Қауіп болған. Әлі де бола береді. Сол себепті біз пандемия болған жағдайда толық дайын болуымыз керек», — деді министр.

    Сондай-ақ министр осы пандемиялық қор жобасын құруда Қазақстанның болғаны дұрыс шешім.

    «2023 жылы Пандемиялық қор басқарушыларының кеңесі, Қазақстанды қоса, 37 елде келешек пандемияларға төзімділікті арттыруға бағытталған гранттардың бөлінуін мақұлдаған. Пандемиялық қор гранты Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі, әсіресе, эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және жауап беру, сондай-ақ персоналды оқытып-үйрету саласындағы ең зор маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жоба», — деді Ақмарал Әлназарова.

    Дереккөз: BAQ.KZ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →