Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлттық қор қаржысы таусылған жағдайда балалар төлемсіз қалмай ма?

    Фото: egemen.kz

    Бұл туралы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

    «Біріншіден, біз Ұлттық қордың қаражатына қол сұқпаймыз. Мұнда тек қана Ұлттық қордың түскен пайдасының тең жартысын жыл сайын «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыруға жұмсап отырамыз. Сондықтан да, мұндай тәуекел жоқ. Екіншіден, алдымызда 2030 жылға дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар», — деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

    Сөзінше, бпарат бұл бағытта Үкімет те, Ұлттық Банк те тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

    «Сол себептен күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ», — деді Айбол Арғынғазинов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →