Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті •

    Батыс Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім оққа ұшты

    Фото: Pixabay

    Батыс Қазақстан облысында аң аулау кезінде 17 жастағы оқушы оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды, деп жазады ҚазАқпарат.

    «Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша жедел жәрдемге хабарлама түспегендігін жеткізді.

    Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →