Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі

    Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

    Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасы аясында қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    «Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы 6 қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлдағаннан кейін жобаны іске асырады. Естеріңізде болса, 5 қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында 9 қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім «білгенін» істей алмас үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз» , — деді Асқар Әмрин.

    Жалпы, жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →