Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Отбасының шырқын бұзған 88 қазақстандық жауапқа тартылды

    Абай облысында полиция отбасының шырқын бұзған 88 тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері өңірде отбасында туындаған жанжалға байланысты 390-нан аса өтініш қаралған.

    2023 жылғы шілдеден бастап полиция отбасының шырқын бұзатындарды арызсыз жауапқа тарта алады. Алайда алдымен әкімшілік іс қозғалады. Содан кейін сот айыпталушының әрекетіне құқықтық баға береді.

    Биыл қаңтарда учаскелік полиция инспекторлары отбасының шырқын бұзудың 88 фактісін анықтады. Олар зардап шегуші тараптың арызынсыз жауапқа тартылды. Осылайша, 20-дан аса құқық бұзушы сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

    315 отбасылық жанжалға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды, 46-сына мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіленді. Олар полицияның ерекше бақылауында болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →