Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды •

    «Шешесі мен өгей әкесі өлтірген» — Талдықорғанда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

    Талдықорғанда жоғалып кеткен 14 жасар қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Qazaq.today Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Талдықорғандық Карина Дарохинаның жоғалғанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында оқушы қызды іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылды.

    Бүгін облыс полицейлері жасөспірімнің мәйітін тапты. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен.

    «Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді. Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды», — деп хабарлады облыстық полициядан.

    Бұған дейін күдікті ретінде жоғалған қыздың анасы мен өгей әкесінің ұсталғанын хабарланған болатын.

    фото: ғаламтордан

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →