Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Таразда автобус жүргізушісі 10 көлікті соқты

    Таразда маршруттық автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 10 автокөлікпен соқтығысты. Соның салдарынан 1 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

    Атап айтқанда, жол-көлік оқиғасына бүгін сағат 10:45 шамасында №56 бағытында келе жатқан автобус ұшыраған. Төле би даңғылында 33 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда ол тұрақта тұрған 10 көлікті соққан.

    Жамбыл облысының ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

    Осы факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

    фото: Жамбыл облысының полиция департаменті

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →