Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Ұлытауда дәрігерлер төбелес шығарды

    Коллаж Ulysmedia

    Медициналық мекемедегі төбелес туралы ақпаратты Жаңаарқа ауданының әкімдігі растады. Ведомствоның хабарлауынша, жанжал аурухананың бірнеше қызметкері арасындағы түсініспеушілік салдарынан болған.

    «Бұл оқиға бойынша аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Аурухана меңгерушісі жұмыстан уақытша шеттетілді. Сондай-ақ оқиғаға байланысты денсаулық сақтау басқармасының басшысы бастаған арнайы топ жұмыс істеді. Ұлытау облысы бойынша департаменті Жаңаарқа ауданында болып, аудан әкімінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Қызметтік тексеру басталды. Бұл мәселе аудан басшылығы мен әкімдігінің бақылауына алынды», — деді Жаңаарқа ауданы әкімдігі.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемесіндегі қызметтік тексеру әлі аяқталмағанын қосты.

    «Жаңаарқа көпсалалы аудандық ауруханасында болған оқиғаға қатысты тергеу аяқталмады. Оқиғаға қатысушылар мән-жай толық анықталғанша жұмыстан шеттетілді», — деп хабарлады Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

    Бұл оқиғаға Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов те түсініктеме берді. Ол медициналық мекемедегі жанжалды жағдай 2023 жылдың 27 желтоқсанында орын алғанын атап өтті.

    «Ұлытау ауданы Жаңаарқа орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің арасында дене күшін қолдану арқылы жанжал шығып, салдарынан зардап шеккендер бар. Аталған факті бойынша Жаңаарқа ПБ Ауданда Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Бір топ адамдар жасаған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Сафуан Жампейісов.

    Ұлытау облыстық ІІД бастығының орынбасары алғашқы тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша аудандық аурухананың басшысы мен бір дәрігері Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп айтты.

    «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, оның қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың барлығының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп қосты С.Жампейісов.

     

    Ақпарат көзі: ulysmedia

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →