Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды •

    Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесі табылды

    Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 өлі аққу табылды. Қазір құстардың өліміне не себеп болғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағылар хабарлады, деп жазады Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп. 

    «Қарақия-Қарақөл» мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күзет жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты», — деп жазылған хабарламада.

     

    «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері аққу өлекселерінен алынған сынамаларды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

    Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →