Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Матвеев Алмабаевтың UFC-дегі тактикасын сынға алды • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Матвеев Алмабаевтың UFC-дегі тактикасын сынға алды •

    «Тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберілді». Қостанай облысында 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр

    Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздеп жүрген кезде табылған тістелген жүгері сараптамаға жібереді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданған. Жүгері алқабынан табылған тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберіледі.

    «Жұмыс істеген аумақты ескеріп, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейеді: Жамбыл кенті — Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы және Самир кенті. Таңертең екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіледі. Олардың бірінде тепловизор бар», — деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

    Жол бойында полицейлер су мен тамақ тастап кетіп жүр.

    Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →