Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысында 2 үйде газ құбыры жарылды

    Алматы облысындағы екі жер үйде газ құбыры жарылып, 4 адам ауруханаға түскен. Бұл туралы әкімдік хабарлады деп жазады Qazaq.today.

    «17.12.2023 ж. сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі 67 мекен-жайындағы және сағат 08:20-да Гүлдала ауылы, Сүйінбай көшесі, 34 мекен-жайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының өршуінен газдың жарылуы орын алды. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы мүмкіндігінен болуы болжамы бар. Нақты себебін анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс жүргізуде»,- делінген хабарламада.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →