Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Заң жобасы: Журналистерге баспасөз картасын беру туралы талап алынып тасталуы мүмкін

    Мәжілістің жалпы отырысында «Масс-медиа» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап. 

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева заң жобасын таныстырды.

     

    Мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасын Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы оң бағалады. Заң жобасына «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқығы туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі, — деді ведомство басшысы.

     

    Министрдің айтуынша, заң жобасы бойынша төмендегі нормалар ұсынылады:

      • БАҚ-та жарияланған материалдың ескіру мерзімін 3 жыл деп белгілеу;

     

      • Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуларын қарауды 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту;

     

      • Журналистердің құқығы мен бостандығын сақтау туралы ұлттық баяндаманы дайындау;

     

      • Баспасөз картасын енгізу;

     

      • Отандық телерадио хабар тарататын спутниктік операторлардың шығындарының бір бөлігін субсидиялау;

     

      • 2025 жылдан бастап республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшу;

     

      • БАҚ-ты есепке қою тетігін жетілдіру;

     

      • БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру.

     

    Заңды талқылау барысында Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары баспасөз картасын енгізуге қарсы екенін айтты.

    Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

    Жалпы отырыстан соң Мәдениет және ақпарат министрі заңды талқылау кезінде айтылған түйткілдер екінші оқылымға дейін пысықталытын атап өтті.

     

    Екінші оқылымға дейін заңды депутаттармен талқылаймыз. Сондықтан заңда ұсынылып отырған баспасөз картасы туралы талап алынып тасталуы мүмкін, — деді Аида Балаева.

    фото: ашық дереккөзден

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →