Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Қызылордада жоқ көліктерді сатқан әйел ұсталды

    [ad_1]

    Қызылорда облысында интернет арқылы жалған жарнама жасап, жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы азаматша қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

    Қызылорда облысы аумағында «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашудың алдын алуға бағытталған шара барысында полицейлер алаяқтық жасаған қала тұрғынын ұстады.

    «Бұрын да сотты болған 27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған хабарландыру жариялаған. Көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан тұрғындардан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Осылайша оңай олжаны көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазір күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

    Ведомство мәліметінще, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша қамауға алынған.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →