Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Астана аулаларында есірткі туралы жазулар өшіріліп жатыр

    «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Еsirtkige jol joq және Bolashaqqa jol жобасы аясында Полиция департаментімен бірігіп, есірткіні жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шарада Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Alians KGN Qazaqstana ҚҚ бірігіп, Сарыарқа ауданында есірткі сату туралы мәліметтері бар нысандарды тексерді. Акцияда еріктілер есірткі туралы жазылған аулаларды аралап, синтетикалық есірткіні жарнамалайтын Telegram bot сілтемесі бар жазуларды бояп өшірді. Сондай-ақ белсенділер қала тұрғындарына есірткінің зияны туралы ақпараттық буклеттер таратты. Акция диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайтуға арналды.

    Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Кибатқызы 14 мен 35 жас арасындағы есірткіге үйір жастардың үлесін азайту керектігін айтты. Оның айтуынша, ақша тапқысы келген жасөспірімдер есірткіні сатып, алданып қалады.

    Қаланың ПД жыл басынан бері заңсыз есірткі жарнамасы бар 60-қа жуық сайтты анықтап,  бұғаттады. Есірткі айналымына қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды.

    Жастар арасында бұл бағытта дәрістер өткізіліп, насихаттау жұмысы жүргізіледі.

    Есірткіге қарсы акция 2020 жылдан бері жыл сайын жүргізіліп келеді. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитовтің айтуынша, қаладағы бес аудан бойынша бұл акция жыл соңына дейін жалғасады. Ал 15 жастағы волонтер Зарина Серікова жастар арасында дендеп келе жатқан есірткі айналымы қоғам дертіне айналған дейді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →