Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда екі қыз ойын алаңын өртеген: құрылыс компаниясы 11 миллион теңгеге жуық шығынды кімнен өндірмек? • Тоқаев World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Ақтауда екі қыз ойын алаңын өртеген: құрылыс компаниясы 11 миллион теңгеге жуық шығынды кімнен өндірмек? • Тоқаев World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді •

    «Бірінші кезекте кәсіпорын басшылығы кінәлі»: Смайылов кеншілер қазасы туралы айтты

    Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеген.  Алайда бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысырды, деп хабарлайды Qazaq.today.  

     

    “Мемлекет басшысы  Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланыстытергеу жұмыстарын жүргізіп,  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты   тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты”, – деп еске салды үкімет басшысы.

     

    Премьер-министр көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

     

    “Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі. Олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастаған. Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ.Қазіргі таңда, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында”, – деді Смайылов.

     

    Оның сөзінше, комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

     

    “Қарағанды облысының әкімдігі мен  Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды”, – деді үкімет басшысы.

     

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →