Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    «Нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан» — акушерлерге үкім шықты

    Таразда жаңа туған сәбиді сатқан ақ халаттыларға үкім шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиға өткен жылдың соңында болған еді.

    Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тараздағы көпсалалы аурухананың екі акушері алдын ала сөз байласу арқылы кәмелетке толмаған баланы саудалады деп айыпталған.

    Тергеу барысында белгілі болғандай, өткен жылдың қараша айында 35 жастағы әйел жүктілігінің жетінші айында түсік жасатқысы келген, осы кезде сотталушы дәрігер оны тоқтатқан. Әйел нәрестені дүниеге әкелді, бірақ бірден баланы тамақтандырудан бас тартып, медициналық мекеме қызметкерлерінен баланы алып кетуді сұрайды.

    Әйелдің жағдайын отбасынан жасырғанын түсінген Б., баланы сатуға көмек сұрап Ю. есімді әріптесіне жүгінеді. Өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені біреуге 1,5 млн теңгеге сатқан.

    Сатып алушы баланы заңды түрде өз фамилиясына тіркеуге тырысқан. Бұл ретте барлық төлем сомасының бір миллионы биологиялық анаға берілуі керек болса, 500 мың теңгесі құжат рәсімдеуге жұмсалады деп жоспарланған. Сәбиді сатып алушы, расталмаған деректер бойынша, он жыл бойы өз бетінше балалы болуға тырысқан.

    Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметіне сүйенсек, прокурор сотталушыларды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

    Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіп дәрежесін, сондай-ақ ҚК 55-бабы 2-бөлімінің талаптарын ескере отырып, судья сотталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айырды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →