Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Алматыда Республика күніне орай мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

    Республика күніне арналған акция аясында «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран орындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, қала жастары қатысты.

    AMP

    Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде» қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті.

     

    Сонымен қатар, Республика күні Алматыда бірқатар басқа іс-шара ұйымдастырылды:

    — Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылады.

    -10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.

    — Сағат 14:00-де «Көк-төбе» саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді.
    — Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өтеді.

    -Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне және атақты клоун және сиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына арналған бенефис ұйымдастырылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар шоу-бағдарлама көрсетеді.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →