Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды

Жыл басынан бері 500 астам жас турист ұшақпен тегін ұшқан

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде турпакет шеңберінде саяхаттайтын 2-17 жас аралығындағы балаларға билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді. Аталған жоба тек ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Qaztourism ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда соммасы 5,2 млн теңге болатын 230 баланың билет құнын субсидиялау бойынша 118 өтінім түскен. Бағдарлама аясында сұранысқа ие бағыттар – Түркістан, Алматы және Маңғыстау баүюғытында. Турлардың орташа бағасы – 320 мың теңге. Ең арзан тур Алматыда 82 мың теңгеге сатылған.. Ал, ең қымбат бағыт – Ақтау. Онда тур 1,2 млн теңгеге сатылған. KOMPAS туроператорының мәліметінше, бүгінге дейін «Kids Go Free» бағдарламасымен 500-ден астам бала ұшақ билетін тегін алған. Аталған бағдарламаны Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады. Бағдарлама талаптары: — кәмелетке толмаған балалар әуе рейсіне ата-анасы және өзге де ересек жақын туыстарымен отырғызылады. Шара турпакет шеңберіндегі сапарларға ғана қолданылады. Турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс. Аталған ережелер сақталған жағдайда, туристік жолдаманы сатып алу кезінде балалардың әуе билетінің құны алынып тасталады. Бағдарлама аясында туроператорлардың шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Саяхат бағытында қызмет көрсететін компаниялар туристердің демалу мерзімі аяқталғаннан кейін «Kazakh Tourism» ҰК-на құжаттар әзірлеп, субсидиялау бойынша өтінім беруі тиіс. «Белгіленген құжаттар топтамасы толық болса, ұйым 10 жұмыс күні ішінде субсидия төлеу немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Кейін 45 жұмыс күні ішінде субсидия сомасы туроператордың көрсетілген шотына аударылады», — деп көрсетілген хабарламада. Шарын және Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне 60 мыңға жуық турист барды. Сондай-ақ, биыл Алматы облысы аумағындағы ұлттық парктерде 685 шақырымдық туристік маршрут жасалды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика