Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Балықшы полигонында ҰҚШҰ елдерінің әскері оқу-жаттығу өткізеді

    Қазақстанның әскери қызметшілері Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлесе «Мызғымас бауырластық – 2023» оқу-жаттығуға қатысады, деп хабарлайды  Қорғаныс министрлігі.

     

    ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлаудың 2023 жылғы 6-13 қазан аралығындағы кезеңге арналған жоспарына сәйкес Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында (Балықшы қ.) «Мызғымас бауырластық-2023» Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған, – делінген хабарламада.

     

    Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Министрліктің хабарлауынша, “оқу-жаттығудың негізгі міндеті – “бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру”.

    Оқу-жаттығуға Қарулы Күштерінен десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →