Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев әншілікке қатысты ойын айтты • Астанада демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа райы суытады • Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Дархан Мұсаев әншілікке қатысты ойын айтты • Астанада демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа райы суытады • Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді •

    БҚО-да «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік байқауы өтті

    Орал қаласында облыс әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері арасында көрме-байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Көрмеге химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бағыттарында жасалған тауарлар қойылған. Негізгімақсат — жергіліктітауарөндірушілердіқолдау.

    Төрт жылдан бері ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын «Дәстүр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрсұлу Бисманова көрменің қатысушысы ғана емес, жеңімпаздарының бірі атанды. Ол кәсібін одан әрі дамытып, халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ас табақ, нантақтай, майлықұстағыш, тойбастар, сағат сияқты табиғи өнімнен жасалған бұйымдарын көрме көрерменіне ұсынды.

    Бұл көрмеден Нұрсұлу секілді 40 кәсіпкердің түрлі бағыттағы өнімін тамашалауға мүмкіндік туды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев әрбір қатысушы компанияның ұсынған өнімімен танысып, олардың жұмыс барысында туындайтын мәселелерін сұрастырып, мемлекет көмегімен бизнесті дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

    Байқау нәтижесінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды:

    «Халық үшін ең жақсы тауар»:»Конденсат» АҚ, «Zhulduz» ЖК «Мария ханым» сән үйі, «Дәстүр» ЖК;

    «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»:»Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «ОК Орал кабель» ЖШС;

    «Үздік азық-түлік тауары»:»Балзия» ЖШС, «Сартаев» ЖК, «Қаз-ақбас» ЖШС.

    Аталған жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары -2023» республикалық байқау-көрмесіне жолдама алды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →