Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес» — Жезқазған ЖЭО-да апат болды

    «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-не қарасты Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Кеше, 13 шілде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыраған.

    Электр желісі параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқышындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді.

    Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтады, содан кейін генерация толық төмендеді.

    Стансаның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін 22:20-да басталды.

    Технологиялық ақау фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен комиссия құрылды.

     

    «Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттілігін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Kazakhmys Energy ЖШС басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды» деп хабарлады Энергетика министрлігі.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын Риддер ЖЭО жөндеу шығыны 8 млрд теңгеден асып жығылғаны хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →