Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Шүменовтың ісін қырғыз шенділері қолға алды

    Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандықпен байланысты жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz — ке сілтеме жасап.

    Қырғызстандық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 18 маусым күні Астанадағы «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында болған. Онда Қазақстан мен Қырғызстан азаматының арасында жанжал туындаған. Оның барысында Қырғызстан азаматына физикалық күш қолданылған.

     

    «2023 жылғы 13 шілдеде жәбірленуші К.А. Қазақстандағы Қырғыз Республикасының Елшілігіне шақырылды. Елші Д.Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

     

    Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары барлық қажетті процестік әрекеттерді жүзеге асыруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында», — делінген хабарламада.

     

    Еске салайық, әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығында балалы ер адамды соққыға жыққаны туралы қауесет 11 шілдеде тарады. 12 шілдеде ақпарат ресми түрде расталды.

     

    «Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс «Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді», — деп жауап берді ІІМ өкілі.

     

    Басы дауға қалған боксшы бұдан бұрын төбелеске қатысты өз нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол баласын қорғау мақсатында жәбірленушіге жұдырық сілтеген.

    Бұдан бұрын соққыға жығылған ер адамның Қырғызстан азаматы екені белгілі болды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →