Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды

    Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмысы жалғасуда

    Төтенше жағдай министрлігі Іле-Балқаш резерватының аумағында табиғи өртті сөндіру жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.- ке сілтеме жасап.

    «Жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін қамыс үйіндісі отты ауыздықтауды қиындатып отыр. Авиацияны қолдана отырып судың төгілуіне қарамастан, жану жалғасып жатыр. Өрт сөндіру автотехникасының өте алмауынан және өрт орнына жету қиын болғандықтан, тілсіз жаумен күрес жерүсті тәсілмен қол инструменттерін: хлопушкалар, мотопомпалар мен шанц құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде», — делінген хабарламада.

    Сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, жалын ошақтарын қарама-қарсы бағытта өшіру әдісі қолданылып жатқаны хабарланды.

    “Қазавиақұтқару тікұшағы су төгуді жалғастыруда. Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды», — деп мәлім етті ведомство.

    Естеріңізге сала кетейік, Балқашта бірнеше күннен бері өрт тұтанып жатқаны 25 маусымда белгілі болды.

    Бұдан бұрын резерваттағы өрт кезінде 10 мың гектардан астам аумақ жанып кеткені хабарланды.

    Qazaq.today 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →