Димаш Құдайберген Лимадағы концерті қарсаңында Ева Айльонмен кездесті
Димаш Құдайберген Лимадағы жеке концерті қарсаңында перулік әнші Ева Айльонмен кездесіп, одан диск, тұмар және бата алды.
Фото: dimashnews.com
Лимада өтетін жеке концертінің алдында Димаш Құдайберген Перудың танымал әншісі Ева Айльонмен (Eva Ayllón) жүздесті. Ева Айльон музыка өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін арнайы Latin Grammy сыйлығымен марапатталған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жылы кездесу барысында екі өнер иесі өзара пікір алмасты. Ева Айльон қазақстандық әншіге шығармашылық табыс пен алдағы концерттеріне сәттілік тіледі. Ол Димашқа өзінің әндері жазылған, қолтаңбасы қойылған дискіні сыйға тартып, тұмар табыстады. Сонымен қатар әнші қазақ өнерпазына ақ батасын берді.
Ева Айльон Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын көп жылдан бері жоғары бағалап келе жатқанын атап өткен жөн.
