Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Коцур түркі елдері чемпионатының ардагерлер турнирінде жеңімпаз атанды

    Түркістандағы түркі елдері чемпионатының ардагерлер турнирінде Павел Коцур жеңімпаз атанды, Петр Костенко екінші орын алды. Жүлделер мен қорытынды тур алдындағы үміткерлер туралы.

    Коцур түркі елдері чемпионатының ардагерлер турнирінде жеңімпаз атанды

    Фото: kazchess.kz

    Түркістанда өтіп жатқан түркі елдері чемпионаты аясындағы ардагерлер турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Коцур жеңіске жетті. Қорытынды турда отандық гроссмейстер 63-ші жүрісте ақ таспен әзірбайжандық Вугар Байрамовты ұтты (диаграмманы қараңыз).

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Екінші орынды тағы бір қазақстандық Петр Костенко иеленді, ол бүгін қара таспен Қырғызстанның өкілі Урматбек Асанбековті жеңді.

    Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі сеньорлар турнирінің жеңімпазына MacBook берілетінін хабарлады. Екінші орынға iPad, үшінші орынға iPhone қарастырылған. Төртіншіден сегізінші орынға дейінгі қатысушылар Garmin сағаттарымен марапатталады.

    Ерлер және әйелдер турнирлерінде басқа жүлделер – ақшалай қаражат қарастырылған. Тиісінше 25 млн және 15 млн теңге. Ертеңгі қорытынды тур алдында жеңіске басты үміткерлер – Әзірбайжан өкілдері Ниджат Абасов пен Говхар Бейдуллаева.

    Алайда Бейдуллаеваның міндеті отандасына қарағанда күрделірек. Ол қара таспен әлі де пьедесталға шығу мүмкіндігін жоғалтпаған қазақстандық Зарина Нұрғалиеваға ұтылмауы керек.

    Абасов ертең ақ таспен Қырғызстанның алдыңғы қатардағы ойыншысы Элдияр Орозбаевпен кездеседі. Ол өз мүмкіндігін, сірә, жібермейді. Жүлдеге біздің Елназ Калиахмет, Денис Махнев және Сауат Нұрғалиев те үміткер.

    Түркістандағы ағымдағы турнир – түркі елдері шахматшыларының арасындағы алғашқы жеке чемпионат. Мамыр айында Астанада өткен командалық чемпионатта қазақстандық шахматшылар, сондай-ақ Әзірбайжан әйелдер құрамасы мен осы елдің юниорлары жеңіске жеткен болатын.

    Түркістан турнирінің үш санатына 24 шахматшы қатысуда. Ерлер мен әйелдер екі шеңбер бойынша (күніне екі тур), сеньорлар бір шеңбер бойынша ойнайды. Уақыт бақылауы – әр жүріске 30 секунд қосылатын 45 минут.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →