«Бұл тек бастамасы деп үміттенемін»: Елена Рыбакина маусым қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/erasportsagency
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакинаның видеосы жарияланды.
«Баршаңызға сәлем! Жыл бойы көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға көп рақмет айтқым келеді. Биыл керемет жыл болды және оның соңы да сәтті аяқталып жатыр. Бұл тек бастамасы деп үміттенемін. Баршаңызға рақмет, келесі жылы кездескенше!» – деді әлемнің бірінші ракеткасы.
Жарияланым бір тәуліктің ішінде 20 мыңнан астам лайк жинап, мыңдаған пікір қалдырылды.
