Мәдина Сәдуақасова: Бойым 159 см болса да, подиумға шығамын
47 жастағы әнші Мәдина Сәдуақасова бойының аласалығына қарамастан модель ретінде подиумға шығатынын айтып, өзіне деген сенімділіктің маңыздылығын атап өтті.
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
47 жастағы қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялап, алдағы уақытта модель ретінде подиумға шығатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі жарқын әрі ерекше образымен бөлісіп, бұл қадамға бойының аласалығына қарамастан, өзіне деген сенімділіктің арқасында барғанын жеткізді.
«Бойым 159 см болса да, бәрібір Мәдинаны подиумнан көресіздер! Мәселе мүлдем бойда емес, өзіңе деген сенімділікте. Ал маған сәттілік тілейтін жандардың өзін-өзі бағалауы менікімен бірдей жоғары болсын деп тілеймін!», — деп жазды әнші.
Әншінің жаңа фотоларын өнердегі әріптестері Балжан Бидаш, Жұлдыз Әбдікәрімова, Мөлдір Мұқанова және желі қолданушылары жоғары бағалады.
Оқырмандар әншінің келбетіне тәнті болып, «Италиялық актриса Софи Лорен екен деп қалдым», «Хема Малини секілдісің», «Соңғы кездері Мәдина Сәдуақасованың стилі ерекше өзгерді», «Керемет образ» деп жылы лебіздерін жаудырды.
