Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды • Батырдың аты берілген көшеге асфальт төселмеген: Павлодар облысында тұрғындар жол жөндеуді сұрады • Семейде балалы аналар көлік жолымен жүруге мәжбүр: қала инфрақұрылымы сынға қалды • Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды • «Жалқы ақиқат солармен бірге өледі!»: Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанова туралы жазба жариялады (ФОТО) • Трамп Nvidia басшысын қызметіне қайтаруға тікелей араласты • Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды • Батырдың аты берілген көшеге асфальт төселмеген: Павлодар облысында тұрғындар жол жөндеуді сұрады • Семейде балалы аналар көлік жолымен жүруге мәжбүр: қала инфрақұрылымы сынға қалды • Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды • «Жалқы ақиқат солармен бірге өледі!»: Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанова туралы жазба жариялады (ФОТО) • Трамп Nvidia басшысын қызметіне қайтаруға тікелей араласты •

    Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды

    Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылындағы «Қазпошта» бөлімшесінің жағдайын компанияның өз қызметкері сынға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, аядай бөлменің іші шаң-тозаң, сәлемдемелер еденде шашылып жатыр, ал тұрғындар өздеріне келген сәлемдемелерді өздері іздеуге мәжбүр. Он айлық қызын көтеріп, үш сәлемдемесін алуға барған әйел де қораптардың арасынан өз заттарын өзі іздегенін айтады.

    Бөлімшеде бір ғана компьютер жұмыс істеп тұрғандықтан, қызметкер тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін дәптерге жазып алған. 2010 жылдан бері пошта саласында еңбек етіп келе жатқан әйел компания басшылығынан қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, сәлемдемелерді сақтау мен сұрыптау тәртібін реттеуді сұрады. Елде цифрландыруға басымдық беріліп жатқанда, Алматы облысының әкімдігі мен «Қазпошта» басшылығы ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мәселесіне неге тиісті көңіл бөлмейді?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →