Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аймира Аманның жаңа әні желіде қызу талқыланып жатыр • UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде • Қазақстан Орталық Азияда жоғары білімнің өңірлік орталығына қалай айналмақ?  • «Ақтөбе» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасты • Эффионг: Бонифейс «Ордабасыға» ауысуға келісе қоймас • Филипович: «Жеңіс» үшін маусым онша жақсы болмады, бірақ мен қалғым келді • Аймира Аманның жаңа әні желіде қызу талқыланып жатыр • UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде • Қазақстан Орталық Азияда жоғары білімнің өңірлік орталығына қалай айналмақ?  • «Ақтөбе» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасты • Эффионг: Бонифейс «Ордабасыға» ауысуға келісе қоймас • Филипович: «Жеңіс» үшін маусым онша жақсы болмады, бірақ мен қалғым келді •

    Аймира Аманның жаңа әні желіде қызу талқыланып жатыр

    Аймира Аманның орындауындағы жаңа ән әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ақын Айдана Сегізбаева әннің Олжас Абай мен Дариға Бадықоваға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

    Аймира Аманның жаңа әні желіде қызу талқыланып жатыр

    Сурет: sn.kz

    Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аманның орындауындағы жаңа ән әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Туындының мәтіні көпшіліктің назарын аударған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ән тараған соң оны Олжас Абай мен Дариға Бадықоваға қатысты деп қабылдағандар болды. Осыған байланысты өлең авторы, ақын Айдана Сегізбаева арнайы мәлімдеме жасап, әннің аталған адамдарға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

    «Бұл әннің Олжас Абайға да, Дариға Бадықоваға да қатысы жоқ! Өлең ретінде ертеректе жазылған. @aigerim_syrlybayeva парақшамнан көріп, әуенін жазып, орындауға @aiora_singer-ге ұсындық. Бұл ән өмірдің қиындықтарымен күресіп, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Сондай-ақ әйелімен ажырасқан соң баласынан да теріс айналып, бір бөлке нан мен бір шұлық алып беруге жауапкершілік танытпайтын әкелерге арналған. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда мұндай әкелер аз емес. Әнді олардың естіп, ой түйіп, намыстанып, балалары алдындағы жауапкершілігін сезінсін деген ниетпен жаздық. Сондықтан бірден өсек таратуға асықпаңыздар», – деді ақын.

    Желі қолданушылары әнді жылы қабылдап, оның мазмұнына қатысты пікірлерін жарыса жазып жатыр. Әсіресе баласынан ажырасқаннан кейін әкелік міндетін ұмытатын азаматтарға арналған жолдар көпшіліктің көңілінен шыққан.

    «Баласына ана бәрін әперер,
    Уақытпенен маңдай тері өтелер.
    Қартайғанда келмесе екен пайда іздеп,
    Баласымен ажырасқан әкелер.
    Бұзылғанда аппақ адал некелер,
    Бөтен болып шығады ма бөпелер.
    Қалай ұйықтап жатырсыңдар уайымсыз,
    Баласымен ажырасқан әкелер», – делінген ән мәтінінде.

    Оқырмандар да туындыға бейжай қарамай, өз әсерлерін бөліскен.

    «Жүрекке жетті», «Бүгінгі күннің ащы шындығы», «Жігіттер, ажырасатын болсаңдар, үйленбеңдер», «Баланың тағдыры ойыншық емес», «Дауысы сондай жағымды, жылап қалдым», – деп жазды желі қолданушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →