Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде • Қазақстан Орталық Азияда жоғары білімнің өңірлік орталығына қалай айналмақ?  • «Ақтөбе» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасты • Эффионг: Бонифейс «Ордабасыға» ауысуға келісе қоймас • Филипович: «Жеңіс» үшін маусым онша жақсы болмады, бірақ мен қалғым келді • Артета Хаверцтің «Арсеналдағы» болашағы туралы пікір білдірді • UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде • Қазақстан Орталық Азияда жоғары білімнің өңірлік орталығына қалай айналмақ?  • «Ақтөбе» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасты • Эффионг: Бонифейс «Ордабасыға» ауысуға келісе қоймас • Филипович: «Жеңіс» үшін маусым онша жақсы болмады, бірақ мен қалғым келді • Артета Хаверцтің «Арсеналдағы» болашағы туралы пікір білдірді •

    UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде

    21 қарашада Дохада UFC Fight Night 294 турнирі өтеді. Тікелей трансляция 20:00-де басталып, Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожайдың жекпе-жектері көрсетіледі.

    UFC Fight Night 294 Дохада: Алмабаев пен Нұрғожайдың жекпе-жектері тікелей эфирде

    Сурет: sports.kz

    21 қарашада Катар астанасы Дохада аралас жекпе-жек өнерінен UFC Fight Night 294 турнирі өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегі — чех спортшысы Иржи Прохазка (32-6-1) мен жаңа зеландиялық Навахо Стирлинг (11-0) арасындағы кездесу.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Негізгі кардтың жекпе-жектері 23:00-де басталып, басты жекпе-жек 21-22 қарашаға қараған түнде шамамен 00:20-де жоспарланған.

    Иржи Прохазка мен Навахо Стирлинг жартылай ауыр салмақта бес раундқа созылатын жекпе-жек өткізеді. Турнирдің қосалқы басты жекпе-жегінде америкалық Алджамейн Стерлинг (26-5) пен аргентиналық Кевин Вальехос (18-1) кездеседі.

    Сонымен қатар Қазақстаннан Асу Алмабаев (24-3) пен Дияр Нұрғожай (12-2) өнер көрсетеді. Алмабаев октагонда жапондық Кёдзи Хоригутимен (36-6) жұптасса, Нұрғожай америкалық Алик Лоренцпен (8-2) кездеседі. Нұрғожай — Лоренц жекпе-жегі 20:00-де, Алмабаев — Хоригути жекпе-жегі шамамен 23:20-де басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →