«Ой тұмар» жобасының жүргізушілері белгілі болды
«Ой тұмар» жобасының жүргізушілері Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы және Ақмоншақ Нұртаза болды. Дина Төреәлі, Лаура Лесбек, Риза Данияр аптасына бір рет спикер ретінде қарастырылған.
Фото: Видеодан алынған кадр
«Ой тұмар» жобасының жүргізушілері Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы және Ақмоншақ Нұртаза екені белгілі болды. Бұл туралы хабар телеарнасы мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Дина Төреәлі, Лаура Лесбек және Риза Данияр аптасына бір рет шығатын негізгі спикерлердің бірі ретінде қарастырылған.
«Жоба әр түрлі буын өкілдерінің пікірін жеткізуге арналған. Алдағы уақытта жасөспірімдерден бастап, аға буынға дейінгі көрермен бағдарламаға қонақ болады, барлық буынның көзқарасына орын беріледі», — деп хабарлады телеарна.
