Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады • Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты • Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады • Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты •

    Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады

    Блогер Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлап, бөле ағасы Дарханның өмірден өткенін жеткізді.

    Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады

    Сурет: kznews.kz

    Белгілі блогер Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасында қайғылы жағдай болғанын жеткізді. Ол жақын туысы Дархан есімді ағасының өмірден өткенін айтып, ауыр қайғысын бөлісті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Перизат Бекетова әлеуметтік желідегі парақшасында өткен аптаның соңы отбасы үшін ауыр болғанын жазған. Оның айтуынша, әулеттегі ең үлкен бөле ағасы Дархан өмірден озған. Марқұм соңғы кездері Бердахты сағынып, онымен кездесуді қалаған екен.

    «Өткен аптаның соңы ауыр келді… Бөленің бастауы болған ең үлкен бөлеміз – Дархан ағамыздан айырылып қалдық. Жаздан бері «Мені Бердахқа алып баршы, бөлемді сағынып кеттім» деп жүргенде, біз енді оны сағынатын боламыз. Мына кең фәниге сыймай кете барды…

    «Мамамның апасы Күнімкүл апам 11 жыл бұрын өмірден өтіп еді… Жанына ұлын жерледік… Бұл жалған осындайдан тұрады екен ғой…»» – деп жазды Перизат Бекетова.

    Ол қаралы хабарды Бердахқа жеткізу өзіне өте ауыр екенін мойындаған. Сондықтан бұл жолы туысының қазасы туралы оған айтпауға шешім қабылдаған.

    «Бес жылда талайлар кетті… Маған Бердахқа ауыр хабарды айту өте ауыр. Бұл жолы айтпаймын деп шештім… Себебі онсыз да қамалып отырған адамның жанын жараламайыншы…» – деп жазды Перизат Бекетова.

    Перизат Бекетова қайғылы хабарын өмірдің өткіншілігі мен жақын адамдарды бағалаудың маңызын еске салатын сөздермен аяқтаған.

    «Тірі кезімізде бір-бірімізді қадірлейік», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →