Ақтөбеде жол жөндейміз деп тұрғындардың ауласын көлге айналдырған
Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы 12-шағын аудан тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының салдарынан жаңбыр суына батып отырғандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жолдың деңгейі көтерілгеннен кейін жауын суы арнайы арыққа ақпай, үйлердің ауласына жиналатын болған.
Соның салдарынан жаңбыр жауған сайын көшені су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Тұрғындардың бірі Бибігүл Итекұлова шалшық суға құлап, қолын шығарып алғанын және қазір еңбекке жарамсыз күйде отырғанын айтады.
Халық сапасыз жүргізілген жол жұмысына наразы болып, жауапты мекемелерге бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе әлі шешілмегенін жеткізді.
Ал қала әкімдігі жол жөндеу кезінде жаңбыр суының қайда ағатынын неге ескермегені және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қашан нақты шара қабылдайтыны әзірге белгісіз.
Видео: @fakt_taulik_aktobe
