Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды • GITEX AI Kazakhstan 2027: өңірге құйылатын миллиардтаған инвестиция аясында жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге серпін береді • Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды • Бір жанкүйердің арманы: Мексикада Димаштың муралы қалай пайда болды • Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде көзіне жас алды • Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: 19 адам қаза тапты • Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды • GITEX AI Kazakhstan 2027: өңірге құйылатын миллиардтаған инвестиция аясында жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге серпін береді • Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды • Бір жанкүйердің арманы: Мексикада Димаштың муралы қалай пайда болды • Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде көзіне жас алды • Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: 19 адам қаза тапты •

    Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

    Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

    Фото: Instagram/otepbergen_ayan

    Қазақстандық театр және кино актері, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды.

    Актер Джек Тейлор атындағы жүлдені «Sicko» фильміндегі рөлі үшін иеленді. Фестивальдің қазылар алқасы оның актерлік шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкер бейнесін әсерлі сомдағанын, драма мен юморды ұтымды ұштастыра білгенін атап өтті.

    Фестиваль қорытындысында «Sicko» фильмі «Үздік толықметражды фильм», «Үздік актер» және «Үздік костюмдер» аталымдары бойынша үш жүлдеге ие болды.

    Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында өтеді. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған мерейтойлық фестиваль 6-15 қараша аралығында өтті.

    Аян Өтепбергеннің жеңісі – отандық кино өнерінің елеулі жетістігі әрі қазақстандық әртістердің халықаралық деңгейде танылып келе жатқанының тағы бір айғағы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →