Мөлдір Мұқанға ел ағасы той үстінде алғыс айтты
Журналист Дина Ораздың ұзату тойында ел ағасы продюсер Мөлдір Мұқанға алғыс айтып, халықтың құрметін жеткізді. Видео желіде тарады.
Фото: Бейнежазбадан
Желіде журналист Дина Ораздың ұзату тойынан түсірілген видео тарады. Онда продюсер Мөлдір Мұқанға деген елдің ықыласы мен құрметі көрініс тапқан.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Видеоның авторы өзінің ұзату тойындағы осы сәтті бөлісуге асыққан. «Ұзатуымның контенті бітер емес. Бірақ ағамыздың @moldir.mt -ға деген мына бір ерекше ықыласы мен ақ тілегін бөліспей кету мүмкін емес. Осындай шынайы құрметтің өзі бір ғанибет қой», — деп жазған ол.
Ал видеода ел ағаларының бірі халықтың атынан ізгі тілегін жеткізіп, көптің ыстық ықыласына бөленген.
«Көбін сыртынан, теледидар арқылы білемін. Көрген кезде қуанып қаламын. Әсіресе, Мөлдір Мұқанға айттым: «Біз сені жақсы көреміз, бақытты бол, айналайын» дедім. «Жүз жасап, үбірлі-шүбірлі болып, елге қызмет істей бер» деп айттым. Мені танымайды ол, бірақ мен халықпын», — деді ол.
