Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Футболдан Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде қайта көтерілді

    Футболдан Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде қайта көтерілді

    Фото: ҚФФ

    Словакиямен Астанада өткен матчтан кейін отандық команданың еншісіне 4,07 ұпай қосылған. Осылайша, ел құрамасы ФИФА-ның жаңартылған тікелей рейтингінде бір саты жоғарылап, 117-орынға жайғасқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші соңғы екі кездесудегі нәтижелерден кейін өзгерген. 13 қарашада Қазақстан сырт алаңда Молдова құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Осы ойыннан кейін қазақстандық футболшылардың рейтингілік көрсеткіші 9,61 балға төмендеп, 1166,26-дан 1156,65 ұпайға дейін азайды. Соның салдарынан команда 117-орыннан 118-сатыға сырғып, Судан құрамасын алға жіберді.

    Десе де, 16 қарашада Астанада өткен Словакияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы есепті тең аяқтады. Тартысты матч 2:2 есебімен аяқталып, ұлттық құрама ФИФА рейтингінде жоғалтқан позициясын қайтаруға мүмкіндік алды. Осы нәтижеден кейін команда қоржынына 4,07 ұпай қосылды.

    Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 1160,72 ұпай бар. Бұл көрсеткіш оны тікелей рейтингте 117-орынға шығарды. Осылайша, Молдоваға қарсы жеңілістен кейін бір саты төмендеген ұлттық құрама келесі ойында позициясын қайта жақсартты.

    Айта кетейік, ФИФА рейтингінің ресми жаңартылуы 18 қарашаға жоспарланған. Демек, әзірге жарияланып отырған көрсеткіштер тікелей рейтингтегі алдын ала есеп болып саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →