Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айгүл Иманбаева саналы махаббаттың мәнін түсіндірді • «Немерелері ән салды»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті • AI-Quryltai көмегімен алғашқы заң жобасы әзірленді • Көлікті лизингке алу тиімді ме? Вице-министр нақты жауаптан жалтарды • Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады • ҚазҰУ-дағы студент өлімі: екі басшы қызметінен босатылып, жауапты қызметкерлер тексеріліп жатыр • Айгүл Иманбаева саналы махаббаттың мәнін түсіндірді • «Немерелері ән салды»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті • AI-Quryltai көмегімен алғашқы заң жобасы әзірленді • Көлікті лизингке алу тиімді ме? Вице-министр нақты жауаптан жалтарды • Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады • ҚазҰУ-дағы студент өлімі: екі басшы қызметінен босатылып, жауапты қызметкерлер тексеріліп жатыр •

    Айгүл Иманбаева саналы махаббаттың мәнін түсіндірді

    Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде отбасылық қарым-қатынас пен махаббат туралы жазба жариялап, саналы махаббаттың ерекшелігін түсіндірді.

    Айгүл Иманбаева саналы махаббаттың мәнін түсіндірді

    Сурет: sn.kz

    Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық қарым-қатынас пен махаббат туралы жазба жариялады. Өнер иесі күйеуімен арадағы сезімге қатысты ойын бөлісіп, саналы махаббаттың ерекшелігін түсіндірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әншінің айтуынша, адам өмірінің әр кезеңінде махаббат та әртүрлі сипат алады. Балалық шақтағы сезім мен жастық кездегі құштарлықтан кейін есейген шақта бір-бірін терең түсініп, бағалайтын саналы махаббат қалыптасады.

    Айгүл Иманбаева мұндай сезімнің басты ерекшелігі – арақашықтыққа қарамастан бір-бірін сөзсіз түсіну, құрметтеу және қолдау екенін атап өтті.

    Өнер иесі рухани жақындықты екі ересек адамның қарым-қатынасындағы ең биік құндылықтардың бірі деп санайды. Сондай-ақ ол кейбір ер адамдардың өзге өмірді іздегенінен гөрі, ерлі-зайыптылардың рухани тұрғыдан бір деңгейде болғаны әлдеқайда маңызды екенін жеткізді.

    «Саналы махаббат – қасында болғанда да, мыңдаған шақырым қашықтықта жүрсең де, бір-біріңді үнсіз көзбен түсініп, шексіз қадірлейтін, қолдау көрсете білетін ерекше күй», – деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →