Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады
Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады. Ол Мирра Андрееваның қорытынды турнирдегі жеңісіне қарамастан осылай шешті.
Сурет: sports.kz
Ұлыбританиялық Тим Хенман — жекелей сында әлемнің бұрынғы төртінші ракеткасы — 2026 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаны үздік теннисші санайды. Бұл ретте Мирра Андреева маусымды жеңіспен аяқтағанын да ескерген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
2026 жылы Андреева «Ролан Гаррос» пен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанса, Рыбакина Australian Open мен US Open додаларында топ жарды.
— Мен бәрібір Рыбакинаны таңдаймын. Ол тамаша жыл өткізді. Ірі турнирлердегі тұрақты өнері, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістері әсер қалдырады. Мен оны әлі де жылдың үздік теннисшісі санаймын, бірақ Андреева оның соңынан қалмай келеді. 2027 жылы Мирра шыңға көтерілсе, таңғалмас едім, — деді ол Sky Sports-қа.
Айта кетейік, Елена Рыбакина осы маусымда мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Мирра Андреева қорытынды турнирдегі табысынан кейін екінші орынға көтерілді.
