Қайрат Нұртастың қызы Рәбия-Сұлтан әкесін анасынан қызғанып, кері итеріп жіберді
Қайрат Нұртастың қызы Рәбия-Сұлтан әкесін анасынан қызғанып, кері итеріп жіберген видеосы желіде тарады. Жұлдыз Әбдікәрімова жариялаған ролик қолданушылардың түрлі пікірін тудырды.
Сурет: sn.kz
Әнші Қайрат Нұртастың кенже қызы Рәбия-Сұлтан әкесімен бірге түскен видеосын желідегі парақшасына жүктеп, көптің назарын аударды. Жұлдыз Әбдікәрімова жариялаған бұл видеода қыз бала әкесін тіпті анасынан да қызғанып, кері итеріп жібергені байқалады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Әкесіне шыбын қондырмайды», — деп жазды ол видеоның астына.
Өнер иесінің кенже қызының тәтті қылықтары елді тамсандырды. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
«Кімді жақсы көру керек екенін біледі өзі», «Әкесіне зорға жеткенде тимеңдерші», «Папасы жақсы адам екенін біледі», «Тәтті қыз болыпты», «Әкесінің ерке қызы», «Көз тимесін», — деп жазды оқырмандар.
