Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпаратты тек Aitu арқылы жіберуді тапсырды • Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды • Қандастар Тоқаевтан азаматтық беруді сұрады • Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпаратты тек Aitu арқылы жіберуді тапсырды • Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды • Қандастар Тоқаевтан азаматтық беруді сұрады • Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды •

    «Өзін әлі таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынады (ВИДЕО)

    «Өзін әлі таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынады (ВИДЕО)

    коллаж: qazaqtoday.info

    Актер Олжас Абай өнердегі әріптесі Рүстем Жаныамановтың әлеуеті жоғары екенін, бірақ әлі күнге дейін шығармашылық мүмкіндігін толық көрсете алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Өнер иесінің сөзінше, Жаныамановтың білім-білігі мен ой-өрісі кең. Онымен үлкен жобаларды жүзеге асыруға болады. Алайда актер әріптесіне мінез бен өзіндік бағыт жетіспейтінін атап өтті.

    «Рүстем Жаныамановта интеллект бар. Бірақ мінез аз. Онымен үлкен жұмыстар жасауға болады. Ол өзін әлі таппады. Ол өзінің кім екенін білмей жүр», – деді актер.

    Сонымен қатар Олжас Абай әріптесінің бойындағы қабілетті толық ашуға көмектесетін жақсы серіктес қажет екенін айтты.

    «Адам адамға ғана әсер ете алады. Жалғыз өзің шығып, «маған қараңдар» дей бермейсің ғой. Оған жақсы партнер табылуы керек», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →