Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті
Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге түскен суреттерін жариялап, желі қолданушылары олардың ұқсастығын атап, түрлі пікір білдірді.
Фото: Видео скриншот
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі оқырмандарына жаңа образын ұсынды. Бұл жолы ол актриса Айшолпанмен бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары қос актрисаның бір-біріне қатты ұқсайтынын айтып жатыр.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актриса бұл жолы да өміріндегі өзгерістер мен жаңа образдары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біз стандартқа бағынбаймыз! Мен өзім өмірде де, өнерде де қалыптасқан стереотиптерді бұзғанды жақсы көремін ғой Өйткені біздің ішкі еркіндігіміз бар. Интуициямыз дамыған бізге өз-өміріміз қызық. Әркім өз табиғатымен әдемі! @aisholpan_happiness Біреуге ұқсауға тырыспаңыз! Ал енді біздің образдарымызды бағалап кетіңіздер?», – деп жазды ол.
Жарияланым астында оқырмандар түрлі пікір қалдыруда. Бірі қос актрисаның жаңа образын жоғары бағалап, әпкелі-сіңлілі адамдардай ұқсайтынын жазса, енді бірі олардың өзгерген келбетін сынға алған.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен шаңырақ көтеретінін айтып, сүйінші жаңалығын бөліскен еді.
