Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған • Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды • Қаза тапқандар бар: Түркияда ұшақ құлады (ФОТО) • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған • Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды • Қаза тапқандар бар: Түркияда ұшақ құлады (ФОТО) •

    БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ

    Степногорск 9-ықшамауданында ашық кәріз құдығы балалар мен ересектерге қауіп төндіреді. Тұрғындар iKomek-ке шағымданған, бірақ люк әлі жабылмаған.

    БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ

    Видеодан кадр

    Ақмола облысы, Степногорск қаласының 9-ықшамауданындағы №5 үйдің маңында кәріз құдығы ашық жатыр. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе қараңғы уақытта бұл жерден өту қауіпті, балалар мен ересектер құдыққа құлап кетуі мүмкін. Жергілікті халық мәселе бойынша әлеуметтік желіде дабыл қағып, «iKomek» қызметіне шағымданған. Алайда өтініш тіркелгенімен, ашық люктің әлі жабылмағанын тұрғындар айтып отыр. Степногорск әкімдігі мен жауапты коммуналдық қызметтер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қашан нақты шара қабылдайды? Қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпей, ашық құдықты жабуға кім жауапты?

    Видео: @stepnogram

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →