Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр • Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Алматы ірі халықаралық конгрестерді тартуға басымдық беріп отыр: қаланың мүмкіндіктері Панамада өткен ICCA Congress 2026 жиынында таныстырылды • Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді: ғалымдар қандай технологиялар әзірлеп жатыр? • Нұрлан Албанның ұлы әскерден оралды • Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуаңды қызметтен кетіруге дайындалып жатыр • Бибизия Қалшабаева: Ұлттық болмыс – тарих пен рухани құндылықтардың сабақтастығы •

    Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған

    Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы Ақ Жазық көшесінің тұрғындары жол мәселесіне байланысты наразылық білдірді,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Абай даңғылын БАҚАД бағытына қарай ұзарту және су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары кезінде ауыр техника тұрғындардың өз қаражатына төсеген асфальтын бүлдіріп, көшені батпаққа айналдырған.

    Қазір жолдың жағдайы нашарлап, оқушылар мектепке жетуде, ал тұрғындар жұмысқа қатынауда қиындық көріп отыр. Жергілікті әкімдік пен жауапты мекемелер мәселені жаңа жылға дейін шешуге уәде бергенімен, көшенің қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

    Тұрғындар өз ақшасына салған жолдың бүлінуіне кім жауап беретінін және келтірілген шығынды кім өтейтінін сұрап отыр. Халықтың есебінен төселген асфальтты бүлдірген мекемелерге талап қойып, жолды қалпына келтіруді қадағалау әкімдіктің міндеті емес пе?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →