Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі •

    Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

    «Астана» командасының жайдарманшысы Данияр Жұмәділов ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

    Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

    Фото: Фото: Instagram/daniyar_dzhumadilov

    «Астана» командасындағы ойынымен көпшілікке танылған Данияр Жұмәділов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Бұл туралы жайдарманшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуым – мен үшін үлкен құрмет әрі өнер жолындағы еңбегіме берілген баға деп білемін.

    Өнер жолында 25 жыл бойы адал қызмет етіп, шетел сахналарында қазақ өнерін дәріптеп, еліміздің абыройын асқақтатуға қосқан еңбегімнің еленіп, жоғары бағалануы – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор қуаныш!

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

    Бұл марапат – тек менің ғана емес, бірге еңбек еткен әріптестерімнің, өнер жолында маған қолдау білдірген жандардың да ортақ жетістігі», — деп жазды ол.

    Желі қолданушылары оның марапатына қуаныш білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →