Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы • Қазақ спортшысы әлем чемпионы атағынан айырылып, үш жылға шеттетілді • Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті • АҚШ Ұлыбритания аумағындағы 12 әскери ұшағын шығарды • Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмінің премьерасы кейінге шегерілді • Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды • Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы • Қазақ спортшысы әлем чемпионы атағынан айырылып, үш жылға шеттетілді • Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті • АҚШ Ұлыбритания аумағындағы 12 әскери ұшағын шығарды • Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмінің премьерасы кейінге шегерілді • Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды •

    Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы

    Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы

    Фото: видеодан скрин
    Ақмола облысының Степногорск қаласында тұрғындар тұрмыстық қалдықтар мен ескі сантехникаға толған ауланың жағдайына шағымданды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ішкі кварталдардың бірінде қоқыс үйіліп, аумақтың санитарлық жағдайы сын көтермейтін деңгейге жеткен. Жаңа әкім келгенімен, қаладағы тазалық мәселесі шешілмегенін айтқан тұрғындар жергілікті биліктің жұмысына наразылық білдірді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға жауап берген қалалық ТҮКШ бөлімі жағдай бақылауда екенін мәлімдеп, аумақты тазалауға жауапты «АРБ СпецМонтаж» мердігеріне ескерту жасалғанын және қоқысты шұғыл шығару тапсырылғанын хабарлады. Алайда әкімдік мәселені тұрғындардың шағымынан кейін ғана қолға алатын болса, қаланың тазалығына кім жауап береді деген сұрақ ашық қалып отыр. Тұрғындар бір реттік тазалауды емес, қоқыстың қайта жиналуына жол бермейтін нақты бақылау мен жауапты мекемелерге қатаң шара қолдануды талап етуде.

    Видео: @sochnevvkz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →