Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті

    Әнші Нұрболат Абдуллин биші жігіттермен синхронды билеген видеосын жариялап, желі қолданушылары мен шоу-бизнес өкілдерінің жоғары бағасына ие болды.

    Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті

    Фото: Видео скриншот

    Әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында биші жігіттермен бірге синхронды түрде билеп жатқан видеосын жариялады. Өнер иесі тың музыкалық туындысын көпшілікке ұсынатынын хабарлаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жазылушылары оның би қимылдарына, харизмасына және тыңғылықты дайындығына тәнті болған. Желі қолданушыларының арасында өнер иесіне жылы лебізін білдіргендер аз болмады.

    Сондай-ақ Гүлнұр Оразымбетова, Ғалия Байбосынова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды шоу-бизнес өкілдері де видеоға жоғары бағасын берген.

    «Көзқарасы – от», «Керемет», «Неге сонша аз, енді әннің шығуын күтуге тура келеді», «Үнді актеріне ұқсап кетті», «Өзіңіз бір отсыз ғой», «Хит болғалы тұр», «Не деген би», – деп жазды желі қолданушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →